Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілді

Жаңалықтар
view 146
news

Фото: egemen.kz

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесіп, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады.

Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс. Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (1)

  • Асет

    Біз қайда бара жатырмыз ? Өзгерген ештеңе жоқ , сол 2005 - 2007 жылғы өнімдер , жер , су сол баяғы жер ,сол баяғы су . Керісінше мемлекет дамып келеді ендеше халықтың жағдайы неге жақсармасқа .

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *