Қазақ пен қырғызға тіл тигізді деп айыпталған Екатерина Биволдың ісі сотқа жолданды

Жаңалықтар
view 190
news

Фото: ашық дереккөз

Қазақтарға қатысты қорлайтын сөздер айтты деп айыпталған Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Іс Санкт-Петербургтың Ленин аудандық сотында тіркелген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақ пен қырғызға тіл тигізген Екатерина Бивол жындыханаға жөнелтілді (ВИДЕО) 

 

Биволдың бұрынғы әйеліне Қазақстан полициясы да іс қозғады

 

Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

 

Қылмыстық іс өшпенділік қоздыру, сондай-ақ адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту баптары бойынша қозғалған. Сот отырысы 2026 жылғы 29 қаңтарға белгіленген.

 

Бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі ресейлік танымал боксшы, WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға іздеу жариялаған болатын.

 

ІІМ мәліметінше, Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

 

Екатерина Биволдың үстінен іс қозғауға оның әлеуметтік желіде жариялаған видеосы себеп болған. Онда ол қазақтар мен қырғыздарға қарата ар-намыс пен қадір-қасиетін кемсітетін сөздер айтқан.

 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қырғыз елі Биволдың бұрынғы әйеліне қылмыстық іс қозғады

 

Ресейде де Екатерина Биволға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

 

Қазақ пен қырғызды қорлаған Биволдың экс-әйелі бұрынғы қайын атасынан таяқ жеді

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *