Экономист қазақстандықтарға ай сайын 300 мың теңгеден беріп отыруды ұсынды
Фото: ашық дереккөз
Бүгінде қазақстандықтардың көпшілігі орта тапқа тән өмір сүру деңгейіне жете алмай отыр. Ал елдің Ұлттық қорында ондаған миллиард доллар жинақталған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қымбатшылық қысып барады: Ұлттық банк 2026 жылы инфляция жоғары болады деп болжайды
Жаңа жылдан бастап такси қызметі қымбаттайды
Бұл туралы экономист, Spik.kz талдау орталығының жетекшісі, саяси экономика ғылымдарының докторы Қуат Акижанов Digital Business Finance-қа берген сұхбатында айтқан.
Ол әлеуметтік теңсіздікті азайтып, экономиканы жандандыру үшін әрбір ересек азаматқа ай сайын 200-300 мың теңге көлемінде шартсыз базалық табыс енгізуді ұсынады. Экономистің айтуынша, символикалық төлемдер нәтиже бермейді, ал базалық табыс адамдарды тұрақсыз және төмен жалақысы бар жұмыстарға тәуелді болудан құтқарады.
Сарапшы елде бұл бастаманы қаржыландыруға мүмкіндік бар екенін айта отырып, прогрессивті салық салуды, байлық пен мұраға салық енгізуді, сондай-ақ жер рентасын Ұлттық қорға бағыттауды ұсынады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Мәжбүрлі шешім»: Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері қымбаттайды
Бензин, тамақ, тариф – бәрі қымбаттайды: Үкімет әлеуметтік дүмпуден қауіптенбей ме
Инфляция қаупі туралы пікірлерді ол миф деп атап, шартсыз базалық табыс ішкі сұранысты күшейтіп, отандық өндірістің дамуына серпін береді деп есептейді. Оның пікірінше, бұл бастама Қазақстандағы жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалардың қозғаушы күшіне айналуы мүмкін.
Пікірлер (1)
Мен қолдаймын