Қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана әкімшісі халықтан кешірім сұрады
Фото: видеодан скриншот
Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында орналасқан Gusto мейрамханасында қазақ тіліне сөйлеуден бас тартып, дауға қалған мейрамхана әкімшісі халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Елена есімді мейрамхана әкімшісі заңгер Мейірман Шекеевпен кездесіп, оның инстаграм парақшасында халықтан кешірім сұрады.
Мен өзімнің отаныма қайырылғым келеді және өзімнің сөздерім үшін кешірім сұрағым келеді. Мен де Қазақстанның азаматымын. Мен өзімнің халқымның алдында кешірім сұраймын. Осындай эмоциялық жағдайда «Мен СССР-да тудым» деп айтқаным үшін кешірім сұраймын. Ешкімге тіл тигізгім келген жоқ. Сол себепті мені кешірулеріңізді сұраймын, – деді ол видеода.
Видеода заңгер Мейірман Шеккевтің Gusto мейрамханасына барып, әкімшілігімен сөйлесіп, мәзірдегі қателіктерді түзетуді сұрағаны көрінеді. Ресторан әкімшілігі де болған жағдайға кешірім сұрап, мәзірдегі қателіктерді түзетуге уәде берген.
Бұған дейін қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана әкімшісі жұмысынан қуылғанын жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)