Бибігүл Төлегенова: "Ешкім мен үшін ештеңе істеген де жоқ"

Жаңалықтар
view 387
news

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанның Халық әртісі, жстрада дүлділі Бибігүл Төлегенова алғаш рет жеке өмірі туралы ақтарыла сұқбат беріп, жан сырын ақтарды. Өнер иесі отбасылық бақыт туралы сыр шертті.

Бибігүл Төлегенова Динара Сәтжанға сұқбат беріп, үш рет тұрмыста болғанын айтты. Эстрада жұлдызы үш некесі де сәтсіз болғанын жасырмады. Әнші махабаттан жолы болмаса да, өнерінің арқасында бақытты екенін жеткізді.

"Әркімнің өз бақыты бар. Біреу жолдасымен бақытты болса, енді бірі өнерімен бақытты. Мен мысалы өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол себепті маған ешбір ер азамат "мен сені көтердім, танымал еттім" деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген де жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді. Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім", - деп ағынан жарылды Бибігүл Төлегенова. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *