Келесі Олимпиадада алтын алуға уәде берді

Жаңалықтар
view 69
news

Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан алынды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордаға оралды. 

Жеңімпаз боксшыны қарсы алуға Астана әуежайында бір топ қауым жиналды, арасында БАҚ өкілдері де бар.

«Қолдауларыңызға рахмет! Өкінішке қарай, екінші орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келген. Қазақ елін қуантып, Әнұранды шырқатқым келген еді. Келесі Олимпиадада бар күшімді салып, елге абыроймен оралып, қазақ елін қуантам деп ойлаймын. Баршаңызға рақмет!» - деді Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері Нұрбек Оралбай елорда жұрты алдында.

Еске сала кетейік, бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, жеңіліп қалды.

Сондай-ақ, отандық боксшы келесі Олимпиадада алтын алуға уәде берді.

Айта кетсек, Kazinform тілшісі Нұрбек Оралбайдың шаңырағына арнайы барып, ата-анасымен, туыстарымен тілдескен еді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *