Спортшы жанкүйерлердің қошеметіне бөленді

Жаңалықтар
view 104
news

Фотосурет kaz.zakon.kz сайтынан алынды

12 тамызға қараған түні Алматыға Олимпиада ойындарының қола чемпионы және қазақстандық бокстың мақтанышы Назым Қызайбай Парижден оралды.

Уақытқа қарамастан, әуежай ғимараты спортшының жанкүйерлеріне лық толы болды. Алдын-ала дайындық жасалып, ғимарат іші безендірілді.

Күту уақытын өткізу үшін қарсы алушылар, Назымның бейнесі бейнеленген баннерлер фонында суретке түсті.

Қарсы алушылар қатарында спортшының анасы да болды.

Құшағы гүлге толған спортшы өзінің анасын ертіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

Ұзақ әуе сапарынан оралғанына, шаршағанына қарамастан Назым Қызайбай БАҚ қызметкерлеріне де уақыт бөліп, сұхбат берді.

Сондай-ақ, осы түнде Парижде олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *