Қазгидромет тұрғындарға ескерту жасады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазгидромет Алматы мен Қостанай облысының тұрғындарына ескерту жасады.
"2024 жылғы 12 тамызда Алматыда, түнде Қостанайда ауа ластануынан қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.
Синоптиктер 12 тамызда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды да ұсынды.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктерде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, бұршақ жауады, тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады оңтүстікте шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыста, шығыста, солтүстікте тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Ақтөбенің оңтүстігінде, оңтүстік-батыста, Атыраудың оңтүстігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, батыста, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Пікірлер (0)