«Бір жапырағым»: Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші жарына арнау жазды

Жаңалықтар
view 371
news

Фотосурет: әншінің жеке мұрағатынан

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасына жас тоқалы – журналист Жадыра Сейдешке арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Әнші өз жазбасында жас жарына деген шынайы сезімі мен ризашылығын білдіріп, оның өміріндегі орны ерекше екенін атап өткен. Бұл ретте ол өзінің өмірдің талай сынағынан өткенін, ауыр кезеңдерде жалғыздықты да сезінгенін айтып, сол шақта тағдыр оған жанынан табылған серік сыйлағанын жазды.

Жасырып, жаба тоқып қайтейін, тағдыр талайыма сызылған маңдайдағы жазудың ыстық-суығын бір адамдай көрдім. Күйгенім де, күйінгенім де рас. Сыналдым, бірақ сынбадым, құласам да мұқалмадым. Басыма сындарлы сәт туғанда Алла Тағала маған сөз өнерін серік еткен аяулы аруды сыйлады, – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Сондай-ақ Жадыра Сейдештің кәсіби журналист ретінде де үлкен құрметке ие екенін атап өтті. Айтуынша, қазақтың бірқатар белгілі тұлғалары жас журналистің талантына жоғары баға берген. Оның анасы өмірден өткеннен кейінгі қайғысын да сөз етіп, қолдау білдірді.

Алладан сұрарым – алдымда аман жүрші, жарығым… Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін, жаралы жаныма жалау болған бір жапырағым, – деп жазды халық әртісі.

Айта кетейік, бұған дейін қоғамда Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің жас айырмашылығы жиі талқыланып келген болатын. Екеуінің жас айырмашылығы – шамамен 45 жас.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *