Таяу Шығыстан Қазақстанға 6 254 адам адам оралды

Жаңалықтар
view 315
news

Фотосурет: Сыртқы істер министрлігі

8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 11 әуе рейсі келіп, 1 786 жолаушы елге оралды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, рейстерді Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары орындаған. Сондай-ақ 8 наурызға қосымша бірнеше рейс жоспарланған. Оларды қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады.

Осылайша, 3 наурыздан бері жүргізіліп жатқан эвакуация операциясы басталғалы Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 әуе рейсі орындалды. Осы уақыт ішінде елге 6 254 адам оралған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *