Бишімбаев колонияда неге жұмыс істемейді?
Жаңалықтар
215
Сурет: Ашық дереккөзден
24 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмысқа орналаспағаны туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлімдеді, – деп хабарлайды janabastau.kz.
ҚАЖД мәліметінше, Қуандық Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде өтеп жатыр.
"Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналастырылмаған. Сотталған адамның күн тәртібі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады", – деп хабарлады комитет өкілдері.
Пікірлер (0)