Сәкен Майғазиев көпшілікті алаңдатқан сұраққа жауап берді
Жаңалықтар
293
Сурет: Ашық дереккөзден
Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Жақында әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділетке ұқсайтын жігіттің сүйіктісіне ұсыныс жасаған видеосы жарияланған болатын. Осыны көрген жұрт әншіні құттықтап жатыр екен. Алайда Сәкен Майғазиев видеодағы жігіт өзінің ұлы емес екенін айтты. Өнер иесі бейнежазбадағы жігіт ұлына қатты ұқсайтынына таңданысын жасырмаған.
"Әділет үйленді ме?", "Ұлыңыз келініңізге ұсыныс жасады ма?" деген сұрақтар келіп жатыр. Бұл бейнебаяндағы бала менің ұлым емес, Әділетке ұқсайтын жігіт екен. Қандай ұқсастық", – деп жазды әнші.
Пікірлер (0)