БІТІМГЕРЛІК БОЛМЫСТЫҢ АЙНАСЫ

Қосшы жаңалықтары
view 188
news

Медиация – дау алаңындағы қос тарапты мәмілеге келтіру мүмкіндігі. Бұл бағыттағы жұмыс жайлы толық ақпарат алу мақсатында, Қосшы қаласындағы РҚБ халықаралық медиаторы, білікті бітімгерлердің бірі Қымбат Аманбайқызы Туреновамен сұхбаттасудың сәті түсті. Бүгінде, Қосшыда медиаторлардың жұмысы жүйелі түрде іске асуда. Қосшы қаласының кәсіпкерлерімен бірге медиаторлар сот шешімдерінің баламасын насихаттау мақсатында арнайы кездесу өткізген. Сонымен қатар, шарттық міндеттемелерді қамтамасыз ету кепілдігі тақырыбында панельдік сессияда нәтижелі өткен. Қосшы қаласының соты медиаторларға келіссөздер жүргізу үшін арнайы кабинет берген. Мамандар 60 -қа жуық медиациялық кездесу өткізген. – Қымбат Аманбайқызы, Қосшылық тұрғындар медиаторлар қызметіне қаншалықты жиі жүгінеді? Олар көбіне қандай жағдай бойынша осы қызмет түрін алады? - Әрине, Қосшы қаласында медиатрлардың жұмысы жүйелі. Сондықтан бұл маманның көмегіне жүгінетіндер бар. Алайда, нақты санын айта алмаймын. Бізден көмек сұрап келген азаматтардың мәселесі татулықпен шешілетінін айтқым келеді. Медиациялық ұйымдарға, кәсіби және қоғамдық медиаторларға тұрғындар көбінесе отбасы, бала мүддесі, мүліктік немесе қаржылай міндеттемелер, еңбек, сондай-ақ, қылмыстық теріс қылықтарға қатысты туындайтын дау-дамайлармен келеді. Тиісінше, біз дауды екітарапты да қанағаттандыратын нұсқамен шешу, тіпті болмаса араздық деңгейін төмендету мақсатында қызмет етеміз. - Өзіңіз туралы айтсаңыз. Қосшы жұртшылығы кәсіпқой медиаторды газет арқылы танығаны жақсы деп ойлаймын. -Мен заңгер болып 22 жылдан бері қызмет етіп келемін. Ал 2017 жылдан бастап халықаралық медиатор болып жұмыс жасаймын. Бүгінде Астана қаласы бойынша халықаралық Медиация орталығы РҚБ филиалының директорымын, Қосшы қаласы Халықаралық медиацияны дамытқаны үшін RPA imc басқармасының бұйрығына сәйкес, 2020 жылы арнайы медальмен марапатталдым. – Қазір медиация қоғамдағы рөлін толық атқара алып жүр ме? Қосшы бойынша қаншалықты оң нәтижелерге қол жеткізіп жатырсыздар? – Бүгінде медиацияны кеңінен насихаттау үшін Қосшыда медиация кабинеттері мен сот ғимараттарындағы фронт офистерде ашылған татуласу бөлмелері, медиация кеңесі жұмыс істейді. Біздің ұжым Қазақстан Республикасы бойынша ғана емес, шет мемлекттерменде жұмыс жасайды. Казіргі нәтижені жоғары деңгейде деп айта аламын. Себебі, бүгінде Қосшылық азаматтар медиацияның не екенін біліп, қызметіне жүгінетіндердің қатары артты. Айта кету керек, жуырда РҚБ медиация орталығы мен Қосшы қаласының әкімдігі және Қосшы қаласының соты арасында мемарандумға қол қойылды. Мен халықаралық медиатр ретінде меморандумға қол қойылған сәттен бастап, азаматтарды әкімдік ғимаратында аптаның сәрсенбі және жұма күндері қабылдаймын. Қосшы қаласының тұрғындары көбінесе, сотқа дейін шешімге қатысты сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды. Есеп беру жиналыстарына да қатысты. Медиация күні аясында арнайы ашық есік күндері де өткізілді. Сонымен қатар, Қосшы қаласында арнайы дөңгелек үстелдер ұйымдастырылған. Шараға қатысқан Қосшы қаласының тұрғындары әртүрлі мәселелер бойынша, заңды, алаяқтық, мұрагерлік, жер мәселелері бойынша келіп, тиісті кеңесті тегін алған. - Медиатор шешімімен екі жақ келісімге тұрса, алайда бір тарап оны орындамаса іс қайта сотқа жолдануы мүмкінбе? -Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген, дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оған тараптар қол қояды. Егер тараптар бір-біріне түпнұсқаларды одан әрі ұсынбай, электрондық пошта арқылы келісімнің қол қойылған цифрлық көшірмелерімен алмаса, дауды реттеу туралы келісімнің де заңды күші болады. Дауды реттеу туралы келісімде жасалған күні мен орны, медиация тараптары, олардың өкілдері, даудың нысанасы, туралы деректер, сондай-ақ тараптармен келісілген міндеттемелер, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарлары қамтылуы тиіс. - Медиаторлар мемлекеттік немесе жекеменшік медиатор деп бөліне ме? Жалпы, медиация қызметінің құны қалай өлшенеді? – Бұл салада мемлекеттік және жекеменшік медиатор деген ұғым жоқ. Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет деп айта алмаймын. Сондықтан арнайы белгіленген тариф жоқ. Тараптар кәсіби медиаторларға да, кәсіби емес медиаторларға да дауды реттеуге өтінім берген жағдайда, оның шығындары мен еңбекақысы ретінде ерікті түрде немесе келісіммен ақы төленеді. - Қосшыда – Медиация саласын жаңғырту, оны әрі қарай дамыту бойынша қандай ұсыныс айтар едіңіз? – Біріншіден, құқықтық тәрбиені жасөспірімдердің бойына мектептегі оқу процестерімен бірге сіңіру тиімді деп ойлаймын. Бұл оқушылар арасындағы келіспеушіліктердің алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар,кәсіподақ ұйымдарында медиация кабинеттерін ашып, медиатор ұстауды ұсынамын. Жауапты медиатор маман ұжымдағы қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасуына әсер етеді деп ойлаймын. Бұдан өзге қалада, мемлекеттік-әлеуметтік саясатты тиімді іске асыру бағытында «Жұмыспен қамту орталықтарында» медиация кабинеттерінің ашылғаны жөн. - Біздің жас қала Қосшыда медиация қаншалықты дамыған? Жалпы шаһарымызда медиацияның болашағы бар ма? Қосшы қаласы жас қала, сондықтан бұл бағытта халықпен әлі де жұмыс істеудеміз. Көптеген мекемелермен мемарандумға отыру үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Медиация қоғамда ерекше маңызға ие, өйткені, кез келген адам өмірінде бір рет те болса түрлі қолайсыз жағдайларға тап болып қалып жатады. Ал, оларды сотқа жеткізбей, медиаторлар арқылы шешу өте тиімді әдіс. -Қазіргі таңда сот өндірісінде медиация рәсімі кеңінен қолданылуда. Қосшыдағы статистикаға көз жүгіртсек? - Мемарандумға отырғалы 60-қа жуық медиауиялық келісім жасалған. Бұл жас қала үшін үлкен нәтиже деп білемін. - Қосшыда қанша медиатор бар? Олардың білімін шыңдау шарасы қолға алынған ба? - Бүгінгі таңда екі медиатор қызмет көрсетеді. Әрине, білімді шыңдау жұмысы қолға алынған. -Сұхбатыңыз үшін көп рақмет! Иә, шаһарда медиация бағытындағы жұмыстың қарқын алғаны көңіл қуантады. Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы — қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде. Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылуы мүмкін. Бірнеше мәрте сот отырыстары белгіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі. Бұл ретте медиацияның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады – тараптардың еріктілігі және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Тағы бір ақпар. Бүгінде Қосшыда халықтың құқықтық мәдениетін арттыру үшін құқық қорғау органдарымен көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мәселен насихаттық жұмыстар, «Адал көмек» жобасы, "Заң керуені" акциясы да іске асуда. Сонымен қатар,

Азиза Өтеулиева

  23

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *