Боксшы Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шықты
Жаңалықтар
18
Фотосурет: ҰОК
Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Жартылай финалда Оралбай Түрікменстан өкілі Довлет Исламовты сенімді түрде жеңді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін финалға Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) пен Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) шыққан болатын.
Пікірлер (0)