Боксшы Алуа Балқыбекова “Мықтылар турнирінің” үздігі атанды
Жаңалықтар
88
Сурет: ҰОК
Қарағандыда әйелдер боксынан өткен «Мықтылар турнирінің» ең үздік спортшысы анықталды. Ол - әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған боксшы Алуа Балқыбекова, деп хабарлайды janabastau.kz
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымына жас боксшы Ангелина Витова лайық болды. «Үздік бапкер» сыйлығы Долкунжан Камековке берілсе, "Үздік төреші" атағын Данара Ахметова жеңіп алған.
«Айта кетелік, «Мықтылар турнирінің» қорытындысы бойынша жаңа маусымдағы Қазақстан құрамы жасақталады. Әйелдер боксынан ұлттық құраманың бас бапкері - Елдос Сайдалин», - деп жазды ҰОК.
Пікірлер (0)