Өскемен мен Ресей қалалары арасындағы әуе қатынасы тоқтатылуы мүмкін

Жаңалықтар
view 68
news

Сурет: ашық дереккөзден

Өскемен мен Ресей қалалары, анығырақ айтсақ, Өскемен-Мәскеу, Өскемен-Новосібір арасындағы әуе қатынасы тоқтатылуы мүмкін.  

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz .

 

"Әуе кемелерінің тапшылығына байланысты біздің әріптестеріміз, атап айтқанда "Сибирь" ("S7 Airlines") авиакомпаниясы жақын арада рейстерді тоқтатуға мәжбүр. Отандық Qazaq Air компаниясында да тура сол жағдай", – деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, рейстер қазан айынан бастап тоқтауы мүмкін. 

"Мүмкін басқа авиакомпанияларды қосамыз", – деді Қарабаев республиканың Көлік министрлігі әуе қатынасын сақтау үшін бар күшін салатынын алға тартып.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *