Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді
Фотосурет: дереккөз
28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады — «Жер сағаты» акциясы өтеді.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты»ихалықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды. ⏰ Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.
«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға.
Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.
Пікірлер (0)