Бүгінгі доллар бағамы - 479,03 теңге

Жаңалықтар
view 129
news

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,73 теңгеге көтеріліп, 479,03 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми бағамы долларға 477,04 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 478,53 теңгені, сатылымы 480,26 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,00 теңгеден сатып алынып, 481,00 теңгеден сатылуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *