Қаракөз спортшыларымызды пәтерге жарытпадық па?

Жаңалықтар
view 206
news

Фото: Қазақстан үстел теннисі федерациясы

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименкоға Астанада екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Үстел теннисі федерациясы спортшыны Парижде жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапаттаған. 

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименкоға Астанада екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Федерацияның айтуынша, спортшы Париждегі Олимпиада ойындарында жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапатталды. 

Айта кетейік, Франция астанасында ұлттық команданың басты ойыншысы Кирилл Герасименко ерлер арасындағы жекелей сында 9-орын алған болатын. Бұған дейін қазақстандықтардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген еді. Сондай-ақ Герасименко әлемдік рейтингтегі позициясын 46-дан 37-ге дейін жақсартты. 

"Біздің спорт үшін бұл тарихи оқиға. Турнир барысында Кирилл ерік-жігердің мызғымас күшін, сөзсіз шеберлігін, кәсібилігін және нағыз спорттық талантын көрсетті. Ол үстел теннисінің қазақстандық шеберлері әлемдегі ең мықты спортшылармен лайықты бәсекелесе алатынын көрсетті", - деп түсіндірді Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *