Бурабайда бұралқы иттерді жоюға шыққан қызметкер адамды атты

Жаңалықтар
view 131
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Ақмола облысының Бурабай ауданында бұралқы иттерді ату кезінде кәсіпорын қызметкері абайсызда әріптесін жарақаттап алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға Бурабай ауданында орналасқан кәсіпорындардың бірінде болған. Қызметкер бұралқы иттерді ату кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан әріптесін жаралаған. Оқ оның аяғына тиген.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азамат оқ жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдайы тұрақты. Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды, – деп хабарлады ведомство.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазір барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары оқиға кезінде қолданылған қаруды тексеру үстінде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *