"Бұрынғыдай арпалыс, біреуге бірдеме дәлелдеу": Мөлдір Әуелбекова ел күтпеген мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
368
Сурет: Ашық дереккөзден
Әнші желідегі парақшасында жан сырын ақтарды деп хабарлайды janabastau.kz
«Өмір сүрудің рахатын шын сезініп жатқандаймын. Бұрынғыдай арпалыс, біреуге бірдеме дәлелдеу, қатардан қалып қалмау, ақша қайдан табамын, тағысын тағы сияқты уайым сейілді. Аллаға сансыз шүкір! Өнердегі 20 жылдық еңбегім мен өндірісімнің жемісі тұрақтылық орнатты.
Сіздерге де, қуатты жастық шақта талмай еңбектеніп, жемісін көруді бұйырсын! Бастысы, армандарыңызды ешқашан сатпаңыздар! Армандар жетелейді! Сеніңіз! Мен өсіп, өнген Қазақ еліме ән арнаудан жалықпаймын!», — деп жазды ол.
Пікірлер (0)