Ер адамның сарбазды ұрып-соғып жатқан видеосы тарады

Жаңалықтар
view 42
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Желіде әскери киім киген жігітті ұрып-соғып жатқан видео тарады, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбадан үш жігіттің біреуін жабылып ұрып жатқанын байқауға болады.

ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бұл ақпаратты растады.

"Аталған факті бойынша 2024 жылдың 23 қыркүйегінде "Батыс" РМК Әскери полициясы қылмыстық кодекстің 440-бабының 1-бөлігі (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды", – деп жазылған хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *