Қазақ қыздары арабқа күйеуге шығуды сұрастырып жүр

Жаңалықтар
view 407
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде орамалдағы арудың арабқа әйел болғысы келетін қыздар туралы айтқан видеосы қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

“АРАБТЫ ҚАЙДАН ТАБАМЫЗ?”

Ол өзін Назира деп таныстырған. Айтуынша Дубайда гид қызметін атқарады екен. 

“Дубайға келетін қазақ қыздарының сұрағы қандай деп ойлайсыз? Әрине “арабтарды қайдан табуға болады және қазақ қыздарын тұрмысқа ала ма” деген сұрақпен келеді”,- дейді ол.

ЕКІНШІ, ҮШІНШІ, ТӨРТІНШІ...

Назираның айтуынша қазақ қыздарын арабтар әйелдікке алады. 

“Негізі арабтар алады қазақтарды. Бірақ сіздер бірінші әйел болмайсыздар. Бірінші әйелді атастырып қойған қатарларынан алады. Екінші, үшінші, төртінші әйелге дайын болсаңыздар әрине үйленуге болады. Бірақ оларға заң жүзінде танысуға болмайды бұл мемлекетте. Инстаграммнан табады, даладан табады. Өздеріңіз көзбен белгі беріп “я свободно, танысуға дайынмын” деген қыздармен олар танысады”, – деді.

“ӨЗІ БІЛЕДІ...”

Дегенмен оның сөзінше Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өмір Қазақстандағыдан әлдеқайда басқаша.

“Бірақ бұл жақтың өмірі біздікіндей емес. Бұл жақта екеу, үшеу, төртеу боласыздар. Олардың ата-анасына барасыздар. Біздікіндей жұмысы жетіде аяқталса, жеті жарымда үйде отырып семейный быть болмайды. Ол қалаған уақытында келеді. Түнгі он бірде, он екіде, үште келе ме... Өйткені сіз жалғыз емессіз. Екіншісі, үшіншісі, төртіншісі бар”,- дейді Назира есімді қыз.

Бейнежазбаның астына жазылған пікірлердің басым бөлігі “Қазақ қызы деуге ауыз бармас…”, “Енді осы қалған еді жарнамаламаған” деген сарында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *