Челах ісін қараған судья қызметінен босатылды

Жаңалықтар
view 25
news

Фотосурет: gov.kz

Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысында Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Жоғары сот кеңесінің Facebook желісіндегі парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, Жоғарғы сот кеңесі отырысы барысында Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушыны қызметінен босату, сондай-ақ Жоғарғы Сот төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстар қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

"Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Заңның талаптарына сәйкес, Жоғары сот төрағасының Астана қалалық соты, Алматы қалалық сотының және Жамбыл облыстық сотының төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстар қаралды. "Барлық бос лауазымға ұсыныстар баламалы негізде енгізілді, нәтижесінде Жоғарғы сот кеңесі Жоғары сот төрағасының ұсыныстарын қолдап, еңбек өтілімі мол, ұйымдастырылушылық қабілеті бар, тәжірибелі әрі кәсіби деңгейі жоғары судьяларды ұсынды", - деп хабарлады Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілі. 

Жамбыл облыстық сотының ресми сайтының хабарлауынша, Ербол Ахметжанов сотқа төрағалық етушінің міндетін атқарды. Ол "Арқанкерген" шекара бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахқа үкім шығарған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *