Чемпион Шайдоров та көлік пен пәтерге қарық болып жатыр

Жаңалықтар
view 144
news

Фотосурет: sports.ru

inDrive компаниясының басшысы Арсен Томский мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 сыйлайтынын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Оған отбасының бір кездері ұлының арманын жүзеге асыру үшін жалғыз көлігін сатқаны туралы әңгіме айрықша әсер еткен.

Еліңнің абыройын асқақтатып, мақтанышы болу қандай ғажап! Осындай сезім сыйлағаны үшін Михаил Шайдоровқа рахмет! Олимпиадада ерекше спорт түрінен алтын медаль жеңіп алу – зор мәртебе. Айрықша құрмет пен ықылас білдіре отырып, мен сыйлықты осы жеңістің бастауында тұрған жанға жасағым келеді. Өзімнің және барша қазақстандықтардың атынан чемпионның әкесі Станислав Александровичке AUDI Q8 көлігін тарту етемін. Оның ұлы Михаилдың алғашқы жаттықтырушысы ғана емес, бір кездері баласының арманын жүзеге асыру үшін астындағы жалғыз көлігін сатқаны мені ерекше тебірентті. Бүгінде ұлы әке үмітін ақтап, арманының асқақ шыңы Олимпиаданың алтын медаліне қол жеткізіді, – деп жазды ол.

Бұл Шайдоровтардың отбасына Олимпиададағы жеңісі үшін берілген алғашқы көлік емес. Еске сала кетсек, бұған дейін әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтап, оған автокөлік сыйлауға уәде берген болатын.

Сонымен қатар Астана қаласындағы құрылыс компанияларының бірі Олимпиада чемпионына Есіл өзенінің жағасындағы NEW CITY LIFE тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтер сыйлайтынын айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *