«Мені ресейлік спортшы деп атау — маған деген құрметсіздік»: Михаил Шайдоров күтпеген мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 128
news

Фотосурет: ҰОК

Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров БАҚ-та тараған өзінің «ресейлік шығу тегі» туралы ақпараттарға пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ агенттігі.

Бұл тақырып 2024 жылдың соңында Гран-при кезеңіндегі сәтті өнер көрсетуден кейін кейбір басылымдардың Шайдоровты ресейлік спортшы деп атауынан, сондай-ақ Миландағы Олимпиада алтынынан соң жарияланған материалдардан кейін қайта көтерілген.

Өткен жылдың қаңтар айында Sport+ арнасындағы «Тікелей сұхбат» бағдарламасына берген сұхбатында спортшы мұндай тұжырымдарды өзіне деген құрметсіздік деп санайтынын айтқан.

«Мен Алматыда туып-өстім, өмір сүріп келемін және уақытымның басым бөлігін Қазақстанда, өзімнің сүйікті қаламда өткіземін. Маған көп көңіл бөліп, жаттықтырып жүрген Алексей Урмановтың жетекшілігімен дайындалу мүмкіндігіне қуаныштымын. Алайда мәнерлеп сырғанауды еліміздегі алғашқы мұз айдындарының бірі орналасқан “Рамстор” сауда орталығында бастадым. Бұл жерде көптеген спортшылар, соның ішінде Денис Тен де жаттыққан. Ресейде оқу-жаттығу жиындарында жиі болдым, бірақ соңғы уақытта қиындықтар туындап, қазір көбіне Алматыда дайындалып жүрмін. Мені ресейлік спортшы деп атау — маған деген құрметсіздік деп есептеймін», — деді Михаил Шайдоров.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *