ДАНИЯ ҚҰРАМАСЫ ҚАЗАҚСТАННАН ЖЕҢІЛГЕНІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Спорт
view 173
news

  Футболдан Дания ұлттық құрамасының бас бапкері Каспер Юльманн мен қорғаушысы Йоаким Меле Еуро-2024 іріктеу матчындағы Қазақстаннан жеңіліске ұшырағанына қатысты пікір білдірді. "Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтаймын! Нәтижеге көңіліміз толмайды. Ойынның басым бөлігінде жақсы ойын көрсеттік. Ал соңғы 15 минут біз үшін өте қолайсыз болды. Бұл тактикаға қатысты емес. Көңіл күйге байланысты. Бұл көрсеткіш соңғы рет қайталанып отыр деп ойлаймын", - деді бапкер.   "Қиын алаңда, қиын ойын болатынын білдік. Менің ойымша, бірінші тайм жақсы өтті. Біз бар күш-жігерімізбен ойнадық. Біз екі гол соқтық. Үзіліс кезінде бәріне байыппен қарап, жеңіс туралы сөйлестік, себебі бұл салмақты ойын еді. Сосын біртүрлі пенальти болды, мен бұл сәтті әлі көрмедім. Иә, мұндай жағдайлар болуы мүмкін, бірақ біз бірге болуымыз керек.   Көрермендер тамаша атмосфера сыйлады. Бірақ біздің көңіліміз қалды. Иә, соңғы 15 минутта үш рет жіберіп алу деген сұмдық. Біз бұдан сабақ алып, ешқашан қайталанбайтынына уәде беруіміз керек", - деді Йоаким Меле.   Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.   Бүгін Н тобында, сондай-ақ Словения - Сан-Марино, Солтүстік Ирландия – Финляндия құрамалары кездеседі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *