Дауыс беру кабинасында бюллетеньмен селфи жасауға бола ма

Сайлау
view 51
news

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалыкова баспасөз мәслихаты барысында дауыс беру кабинасында бюллетеньмен селфи жасауға бола ма? деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап. «Ондай жағдайлар орын алып жатса, ол прокуратурамен бірлесіп шешеледі, егер селфи жасап, бірақ еш жерде жарияланбаған болса, бұл сайлаушының жеке ісі. Егер белгі қойылған бюллетеньді әлеуметтік желіге салса, онда оны сайлау күніндегі үгіт-насихатпен теңестіруге болады. Сондықтан бұл жерде әрбір нақты жағдайды қарастыру қажет. Мұны сайлау комиссиясының өзі емес, прокуратураны тарта отырып, ол жерде заң бұзушылық бар ма, жоқ па, соны қарайды», - деп түсіндірді Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы. Айтуынша, қазір қалада сайлау штаттық режимде өтіп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *