«Дүние жинамаған екен»: Жүрсін Ерманның қарапайымдылығы көпшілікті таңғалдырды

Жаңалықтар
view 64
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ақындармен бірге Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, шаңырағына арнайы барды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада Айнұр Тұрсынбаевамен қатар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханды да көруге болады.

«Бүгін қазақ айтысының қара нары, бәрімізді әкеміздей қамқорлығына алып, сахнаға шығарған Жүрсін ағамызды 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық. Ертеңгі дүбірлі тойдың басын өзінің ақын ұл-қыздары бастап бергеніне Бақытжамал апамыз екеуі бір марқайып қалды. Ағамыздың мерейлі мерекесіне Жезқазғаннан арнайы келген ағайын-туыстары кеше ғана өзіміз өткізген «Қазақи шоу»-ды сүйсініп көргенін және жобаның жалғасын тағатсыздана күтіп жүргендерін айтты. Жүрсін ағамыз да біздің бастамамызды жоғары бағалап, алдағы жоспарларымызға ақ батасын берді. Айтыстың ақсақалы, қазақ өнерінің қара нары ұзақ жасасын!», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Көпшілік Жүрсін Ерманның қарапайым тұрмысына таңғалып пікірлерін жазып жатыр. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *