ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді растады

Жаңалықтар
view 78
news

Жаксылык Омар. Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Tengrinews.kz-тің ресми сұрауына берген жауабында аталған лауазымды тұлға бойынша тергеу жүріп жатқанын, ал өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейтінін хабарлаған.

Еске салайық, 13 ақпанда әлеуметтік желілерде Жақсылық Омардың «ұсталғаны» туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде өңірлік әкімдік бұл дерекке қатысты ақпарат жоқ екенін, ал шенеуніктің денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққанын айтқан.

Тергеу қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны әзірге нақтыланбады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *