Тоқаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барады

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.

"18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады", - деп жазылған хабарламада.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі.

Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *