«Экс-депутаттың ұлы»: Алматыда күзетшіні таптап өлтірген ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды

Жаңалықтар
view 306
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматыда "Меркур Тауэрс" тұрғын үйінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет қатыгездікпен қағып өлтірген экс-депутаттың баласының ісіне қатысты жаңа дерек белгілі болды, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Алматы прокуратурасы Tenginews.kz редакциясына бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу 29 наурызда басталғанын хабарлаған. 

"Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағының негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдады", - дейді ведомство өкілдері. 

Бұл бапта сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр сырқаты кезінде тоқтатылады деп көрсетілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *