Елде мұнай, газ, көмір қоры қанша? - жаңа дерек жарияланды
Фотосурет: ar2020.kmg.kz
LS басылымы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегіне сүйеніп, Қазақстанның жер қойнауындағы жаңартылған қор көлемін жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мұнай қоры
2025 жылдың 1 қаңтарына қарай мемлекеттік есепте 319 мұнай кеніші тіркелген. Олардың жалпы өндірілетін баланстық қоры 4,26 млрд тоннаны қамтыды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен (315 кен орны және 4,3 млрд тонна) шамалас.
Табиғи газ
Ел аумағында 301 табиғи газ кеніші бар. Еркін газ қоры 171 учаскеде есепке алынған, оның баланстық көлемі – 1,7 трлн текше метр. Өндіруге жарамды газдың жалпы көлемі 259 кен орны бойынша 2,1 трлн текше метрді қамтыды.
Көмір
Мемлекеттік есепте 49 көмір аймағы мен жеке учаске (шамамен 160 кен орны) бар. Олардың жалпы баланстық қоры – 33,5 млрд тонна. Қазір 75 кен орны (17,4 млрд тонна) игеріліп отыр. Ал 85 нысан (16,1 млрд тонна) резервте тұр.
Пікірлер (0)