Павлодар облысында көктайғақ салдарынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Павлодар облыстық ПД жүргізуші мен жолаушының қайтыс болуына байланысты, көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қазанда «Омбы-Майқапшағай» автожолының Қызылқоғам ауылынан 3 шақырым жерінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, «ВАЗ-2110» маркалы автокөліктің жүргізушісі қолайсыз ауа райы жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындарға жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін төмендетуді, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болуды және көліктің техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыруды ескертеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін өңірде қар жауып, боран соққанын жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)