Елена Рыбакина ресми әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Спорт
view 1673
news

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина ресми түрде 3 орынға көтерілді, деп хабарлайды janabastau.kz. Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте 3 орынға жайғасты. Бұл Елена Рыбакина үшін  рекордтық рейтинг. Айта кетсек, көш басын Польша теннисшісі Ига Швентек бастап тұр. Ал екінші орынға Беларусь тенисшісі Арина Соболенко жайғасты. Қазақстан теннисшісінің бұл жетістігіне «Ролан Гаррос» жарысындағы ойыны әсер етті. Еске сала кетсек, ойынды сәтті бастаған Рыбакина денсаулығына шағымданып, жарыс алаңынан шығуға мәжбүр болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *