Елімізде қазақ баспасөзінің күні белгіленді

Руханият
view 91
news

2 ақпан - Қазақ баспасөзінің күні болып белгіленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» көрмесінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды janabastau.kz. «Сүйінші бір жаңалығымызды айтқым келіп отыр. Біз қыс мезгілінде «Қазақ» газетінің дүниеге келген 2 ақпан күнін Қазақ баспасөзінің күні деп жариялау туралы бастама көтерген едік. Сол ұсыныс қабылданды. Журналистер күні аясында жариялануы керек. Бұдан былай 2 ақпан – Қазақ баспасөзінің күні болады. Біздің жүріп өткен жолымыз бізді болашаққа апаратын жол», деді Дархан Қыдырәлі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *