Ер адам балаларға жыныс мүшесін көрсеткен

Жаңалықтар
view 342
news

Сурет: Видеодан скриншот

Қазіргі уақытта оған қатысты кәмелетке толмағандарды азғыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысы Қонаев қаласына жақын маңдағы Арна ауылында ер адам жыныс мүшесін көрсеткен, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол мүшесін көрсету үшін балаларды тұрақты түрде жинайтын болған. Бұл көрінісіті олар видеоға түсіріп, ата-аналарына көрсеткен.

«Қазіргі уақытта оған қатысты кәмелетке толмағандарды азғыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайын, толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *