Ер адам мешіттен біреудің сырт киімін ұрлап кеткен

Жаңалықтар
view 91
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қостанайдағы "Марал Ишан" қалалық мешітінде қысқы сырт киімді ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды  janabastau.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мәлімдеді.

Белгілі болғандай, деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған 39 жастағы ер адам мешіттен өзгенің киімін ұрлап кеткен.

Оның айтуынша, өзінің сырт киімі жұқа болғандықтан, ол басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру барысында күдіктінің басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *