Әр мәселені назарға алып, қадағалап отырмыз - ДИАҚБ байқаушылар миссиясының басшысы
Сайлау
50
Әр мәселені назарға алып, қадағалап отырмыз - ДИАҚБ байқаушылар миссиясының басшысы
Қазір Қазақстан бойынша біздің 350-ге жуық байқаушымыз сайлау процесін қадағалап жатыр. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды қадағалау жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфи айтты, деп janabastau.kz ҚазАқпарат тілшісне сілтесе жасап.
«Біз байқау процесін ақпанда бастадық. Осы уақыттан бері әр мәселені назарға алып, қадағалап келеміз. Біздің 350-ге жуық байқаушымыз Қазақстанның барлық өңірінде байқау жүргізуде. Біз осы айдың соңына дейін осында боламыз. Өйткені, сайлаудан кейін арыз-шағым түсуі мүмкін. Осы мәселелерді тәуелсіз зерделеу үшін жұмысты одан әрі жалғастыра бермекпіз», - деп мәлім етті Оуэн Мерфи.
Оның айтуынша, ертең сайлау процесіне қатысты алдын ала қорытынды шығарылады.
«Ертең біз ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен бірлесіп, өзіміздің жұмысымыздың алдын ала қорытындысын жариялаймыз. Өйткені, қазіргі таңда біздің әр өңірдегі байқаушыларымыз жедел ақпараттармен бөлісіп жатыр. Сондықтан алдын ала қорытындыны ертең шығарамыз», - деп түйіндеді Оуэн Мерфи.
Пікірлер (0)