Тайтөбе ауылындағы заңсыз қоқыс полигоны жойылады – Ермек Маржықпаев
Қосшы жаңалықтары
253
Қосшы қаласының іргесіндегі Целиноград ауданының Тайтөбе ауылындағы заңсыз төгілген қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жойылады. Ол үшін облыстық бюджеттен 100 миллион теңге қаржы бөлінді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тайтөбе ауылындағы заңсыз төгілген қатты тұрмыстық қалдықтар туралы бәріміз білеміз. Біз осы полигонды жою үшін облыстық бюджеттен 100 милион теңге қаражат бөлдік. Бұл – үлкен өзекті мәселе. Сондықтан біз оны биыл міндетті түрде шешеміз», – деді Бурабайда өткен орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев. Айта кетсек, бұдан бұрын Целиноград ауданы әкімнің орынбасары Тайтөбе ауылындағы заңсыз төгілген қоқысты жинамағаны үшін жазаланғанын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз

Қосшы жаңалықтары
2028 жылға дейін Астана агломерациясы қалай дамиды

Қосшы жаңалықтары
Қосшыда көлік астында қалған екі жасар бала көз жұмды
Пікірлер (0)