Еуроодақ 2027 жылы Ресей газынан толық бас тартады
Фото: Caravan.kz
Еуропа кеңесі мен Еуропарламент өкілдері 2027 жылы Ресейдің табиғи газын импорттауды толық тоқтату туралы алдын ала келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Azattyq-қа сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: АҚШ және Ресей: Мәскеудегі келіссөз нәтиже бермеді
Еурокеңестің мәлімдемесіне қарағанда, Ресейдің табиғи газын импорттау 2027 жылы 30 қыркүйекке қарай толық тоқтатылады. Ұзақ мерзімдік келісім бойынша сұйылтылған газды тасымалдау 2027 жылдың 1 қаңтарында аяқталуы керек. Құбыр бойынша газ тасымалдау 2027 жылы 30 қыркүйекте тоқтатылады.
Еуропа ендігәрі энергетикалық бопсалау мен экономикалық тәуелділіктің құрбаны болмайды, - деп мәлімдеді энергетика жөнінде еурокомиссар Дэн Йоргенсен.
Пікірлер (0)