23 жастағы фельдшер көз жұмды: Алматыда жедел-жәрдем көлігі апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 109
news

Фото: видеодан скрин

Алматыда 3 желтоқсанға қараған түні жедел жәрдем көлігі жол-көлік апатына ұшыраған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер әйел қайтыс болды

Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды (ВИДЕО)

Түнгі шамамен 00:40-та Алатау ауданында жедел жәрдем каретасы бұрылыс жасаған сәтте, қарсы бағыттан келе жатқан Kia маркалы көлікпен соқтығысқан.

Соққы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алды. Ауыр халде жеткізілген 23 жастағы фельдшер бірнеше сағат өткен соң алған жарақатынан көз жұмды.

Полиция адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Ешқандай медаль әйелімді қайтара алмайды»: Астаналық марқұм фельдшердің күйеуі жұртты толқытты

Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан көпқабатты үйдің қаптамасы опырылып, ауыр жарақаттан қайтыс болған еді. Кейінгі жылдары денсаулық сақтау саласындағы қайғылы оқиғалар қоғамда үлкен резонанс тудырып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *