Тоқаев Аида Балаеваға бірқатар нақты тапсырма жүктеді

Жаңалықтар
view 104
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аида Балаева мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндады.

Мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы аталған бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *