Заң қабылданды: Бетін никабпен бүркемелегендерді қандай жаза күтіп тұр
Фото: видеодан скрин
Мәжіліс қоғамдық орындарда никаб кигендер үшін әкімшілік жауапкершілік енгізетін жаңа заңды қабылдады. Заң бойынша алғашқы рет ескерту, қайталанған жағдайда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Елімізде никаб киюге тыйым салынуы мүмкін бе – Бас мүфтидің жауабы
Мәжіліс Презиенттің тапсырмасы бойынша әзірленген «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (никаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылған.
Құқықбұзушылық үшін бірінші рет ескерту жасалады, қайталанған жағдайда 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Заңға қайшы контентті жариялағандар мен таратқандарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұзушылықтардың себебін жою туралы нұсқауларын қасақана орындамағандарға қатысты жауапкершілік енгізіледі.
Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады. Оған отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар, қамқоршылық органдары, БАҚ, жастар ісі жөніндегі орталықтар, уәкілетті органдар және кәсіпкерлер кіреді.
Еске сала кетейік, былтыр Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Пікірлер (0)