Ғылым ордасы: ғалымдар мен реставраторлар музей қорын зерттеуден тәжірибе алмасты

Жаңалықтар
view 41
news

Фотосурет: Оқу-ағарту министрлігі

2025 жылғы 17 қыркүйекте Ғылым ордасында «Палеонтология, зоологиялық, археологиялық, археографиялық қор жинақтарын пәнаралық-кешенді зерттеу және жаңа материалдармен толықтыру, атрибуциялау, каталогтау: «Ғылым ордасы» музейлері негізінде» атты ғылыми семинар өтті.

Іс-шараға Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов, музей меңгерушілері, ғылыми қызметкерлер, реставраторлар, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Зоология институтының өкілдері қатысты.

Семинар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің IRN BR28713619 «Палеонтология, зоологиялық, археологиялық, археографиялық қор жинақтарын пәнаралық-кешенді зерттеу және жаңа материалдармен толықтыру, атрибуциялау, каталогтау: «Ғылым ордасы» музейлері негізінде» нысаналы қаржыландыру жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба жетекшісі – PhD, этнограф Бейсеғұлова Айнұр Қыдырғалқызы.

Іс-шара барысында биология және зоология саласында жиі қолданылатын терминдердің қазақ тіліндегі баламалары талқыланып, Табиғат музейі мен Археология музейінің қалыптасу тарихы, сондай-ақ ғылыми зертхана негізінде оқу-өндірістік практика ұйымдастыру тәжірибесі сөз болды. Бұдан бөлек, археографиялық коллекциялардың қалыптасу ерекшеліктері, Табиғат музейінің жәдігерлері, археологиялық және археографиялық қорларды қалпына келтіру мен жаңғырту мәселелері қарастырылды.

Қазақ ғылымының қара шаңырағы саналатын Ғылым ордасы бүгінде ғылыми институт ретінде қалыптасып келеді. Бұл жоба – музейлеріміздің ғылыми әлеуетін арттыруға, қор жинақтарын жүйелі зерттеп, жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Біз халықаралық деңгейдегі озық тәжірибе мен заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, музей қызметін дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастырамыз, – деді Ұлар Мұқажанов.

Семинар аясында палеонтологиялық, археологиялық және археографиялық жинақтардың көрмесі мен шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушылар коллекцияларды сақтау, қалпына келтіру және ғылыми каталог жасау бойынша тәжірибе алмасты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *