Халида Әжіғұлова: Құқықтық ағарту мектеп кезінен басталу керек
Мәдениет
4013
Құқықтық мәдениет қалыптасып, қарыштап дамуы үшін құқықтық сауаттылық, құқықтық сана керек. Оны қалай дамытамыз деген сұрақ көкейге оралады. Осы сұрақтың аясында заңгер және құқық қорғаушы, Ұлыбританиядағы Лестер университетінің халықаралық құқық докторы, Оксфорд университетінің құқық магистрі, Британ жоғары білім Академиясының мүшесі Халида Әжіғұловамен әңгімелескен едік.
– Құқықтық мәдениет деген ұғымды қарапайым жұртшылыққа қалай түсіндіруге болады?
– Ең алдымен құқықтық мәдениет дегеніміз – біздің құқыққа деген қарым-қатынасымыз. Демек, құқықтық мәдениет – адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі. «Мына адамның мәдениеті төмен» деп қай кезде айтамыз? Егер адам қоғамдағы норма мен заңдылыққа құрметсіздік танытса айтамыз. Құқықтық мәдениеті төмен адам да дәл солай. Ол заңға құрметсіздік танытады. Өзгелердің құқығын таптап, сыйламайды. Ал құқықтық мәдениеті жоғары адам Ата Заңды, өзгелердің құқығын бағалап, оны бұзбайды. Құқықтық мәдениеті дамыған қоғамда көпшілік заңды сыйлап, өз міндеттерін жете түсінеді. Бұзған жағдайда өздерін не күтіп тұрғанын да жақсы біледі.
– Қазақстанда «құқықтық мәдениет» түсінігі неге кенжелеп қалды деп ойлайсыз?
– Халықтың көпшілігі өздерінің құқығын, міндетін ұғынғысы келмейді. Зерттеп, білуге тырыспайды. Негізінде құқықтық ағарту мектеп кезінен басталу керек. 1 сыныптан бастап балаларға заңдағы өз құқықтарын, міндеттерін түсіндіру қажет. Бала Қазақстан Республикасының Ата Заңындағы ережелерді сақтауды, өзгелердің шекарасын бұзбауды үйренуі керек. Қысқаша айтқанда, өзгенің құқығына сыйластықпен қарауды бала бойына сіңіріп өсуі тиіс. Бізде балаларға өзгеге қол көтеруге болмайды, өзгені балағаттауға болмайды деген тиымдар айтылып жатады. Бірақ заңның негізінде айтылмайды. Егер Конституция бойынша түсіндірілсе, әсері мен нәтижесі басқаша болар еді. Мектеп бағдарламасында құқыққа байланысты бір ғана пән бар. Оның өзі Конституцияның құрылымын түсіндіруден әрі аспайды. Оқушыларды қалай арыз жазу керектігін, өз құқығын қалай қорғайтынын үйретпейді. Осылайша құқығын білмейтін немесе теріс түсінетін адамдар шығып, әртүрлі қылмыстарға барып жатады. Айта берсе себептің көп екенін бәріміз де ұғынып отырмыз. Ең негізгі себеп – осы. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаса керек.
– Құқықтық сауатсыздықтан зардап шеккен адамдардың санын қалай азайтуға болады?
– Мұндай жағдайларды жаңалықтардан күнде естіп жатамыз. Адамдар өздерінің құқықтық сауатсыздықтарының кесірінен зардап шеккенін естігенде жүрегің ауырады. Бізде көп адамдар алаяқтардың, қаржы пирамидалардың құрбаны болып жатады. Қарапайым келісімшартты қалай оқу керегін білмейтіндер бар. Мойындарына қандай жауапкершілік артылатынын түсінбейтін адамдар да көп. Банктердің арбауына түсіп, шырмауығына шырмалып жүретіндерді де көптеп кездестіреміз. Жалпы көп мәселе қарапайым дүниеге назар аудармаудан шығады. Мысалға, бір адам жол апатына ұшырайды. Кінәлі екінші адам заңды араластырмай өзара келісімге шақырады. Кепілдікке өзінің жеке куәлігін тастап кетіп, артынша ақша аударатынын айтады. Бірінші адам өзгенің жеке куәлігін алуға болмайтынын, оның заңға қайшы екенін білмейді. Екінші адам бірінші адамның үстінен жеке куәлігін тартып алды деп шағым жасайды. Жол-көлік апатынан зардап шеккен адам қылмыскер болып шыға келеді. Құқықтық мәдениетті дамыту үшін, ең алдымен, барлық мектептерде бірінші сыныптан бастап Адам құқықтары бойынша сабақтар енгізу қажет. Бұл сабақтарды бейімделген түрде оқытуға мүмкіндік бар. Ұзақ уақыттан бері осы бағыттағы білім беру әдістері әзірленді. Өз басым Street Law Қазақстан жобасы аясында бірінші сыныптардан бастап сабақ беремін. Бұл тек бастама ғана. Яғни, біз үшін балаларды ерте кезден құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу өте маңызды. Себебі, бүлдіршіндердің милары сергек, әрі ақпаратты тез қабылдайды. Ересектер үшін коммуникация құралдарын, ғаламтор мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, құқықтық сауаттылыққа бағытталған контент өте көп. YouTube, Instagram сынды әлеуметтік желілермен қоса, бұндай бағдарламаларды телеарналарда шығару да маңызды деп ойлаймын. Яғни, отандық БАҚ-тарда осы тақырыпқа арналған айдарлар енгізілсе деймін. Сала мамандарымен сұхбаттасып немесе танымал адвокат, заңгерлерден ақпарат алып, бұқарамен бөлісу қажет. Олар оқырмандармен кері байланыс орнатып, сұрақтарға жауап беріп, белгілі бір жағдайда адам өзін қалай ұстап, қалай қорғану керектігін түсіндіре алар еді.
– Сіз Оксфордта оқып келдіңіз. Ұлыбритания мен Қазақстанның құқықтық мәдениетінің қаншалық айырмашылығы бар?
– Ұлыбритания, АҚШ сынды дамыған елдерде құқықтық мәдениет өте жоғары. Ол неден көрініс табады? Адамдардың барлығы дерлік заңға бағынады. Бұл жерден мынандай коррелация көре аламыз: құқықтық мәдениеті жоғары елдің цивилизациясы да жоғары. Құқықтық мәдениеті төмен елді хаос басады. Адамдар өз мәселесін заңның тармағынан тыс шешуге тырысады. Бұл өте қауіпті салдар. Құқық жоқ жерде бейберекет қоғам пайда болады. Көп мемлекеттерде күш қолдану, зұлымдық, жемқорлық белең алатыны осыдан. Мысалы, қарапайым бір адам шенеуніктен зардап шекті делік. Ол іс жабылған күйі қалады. Есіңізде болсын, кім күшті болса, одан күшті адам табылады. Жаңағы шенеунік құзіреті өзінен жоғары бір адамнан зардап шегеді. Осылай жалғаса береді. Мемлекет өркендеуден кенже қалып, гүлдеудің орнына сола береді. Әділетсіздік бар жерде мемлекеттің дамуына деген сенім қалмайды.
– Әңгімелескеніңізге рақмет!
Жасын Жолмырза
Пікірлер (5)
Häggström M, Richfield D 2014 how to buy priligy in usa reviews
The parsimonious explanation for these findings is that there are regional differences in the callosal microenvironment that result in suppression of the differentiative potential of pOPCs resident adjacent to the SVZ buy cialis generic online See Breast cancer risk factors by clicking on the PDF icon above
This will hopefully catch a lot of it what works if viagra doesnt work
However, when DHT was injected instead of testosterone DHT is a powerful androgen which doesn t convert to estrogen, no recovery process was detected online cialis
Follow all from the current data can i buy cialis without a prescription