Halyk Bank 20 млрд теңгеге бағалы қағаздар шығармақ
Жаңалықтар
175
Сурет: Ашық дереккөзден
Halyk Bank 20 млрд теңгеге бағалы қағаздар шығаруды жоспарлап отыр. Бір облигацияның номиналды құны 1 мың теңге мөлшерінде бекітілген, орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар саны – 20 млн дана, деп хабарлайды janabastau.kz Dalanews.kz материалына сүйеніп.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ үшінші бағдарламасы шеңберінде 20 000 000 000 теңге сомасына облигациялардың сегізінші шығарылымын жүзеге асырсын" делінген 2024 жылдың 8 қазанында банктің директорлар кеңесі қабылдаған шешімде.
Пікірлер (0)