Халықаралық байқаушы бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді
Сайлау
77
Кавказ тарихы орталығының директоры (Әзербайжан), байқаушы Ризван Наджаф оғлы Гусейнов Қазақстандағы сайлау бюллетенінде жазылған «бәріне қарсымын» бағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды janabastau.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«Таңертең қаладағы біраз сайлау учаскесінде болдым. Жалпы, халықтың дауыс беруге келуі қарқыны жақсы және түске қарай бұдан да жоғары болады деп ойлаймын. Қазақстанда сайлау бюллетенінде «бәріне қарсымын» деген жолақ бар. Осы орайда кез келген сайлаушы тізімдегі үміткерлерге өзінің қарсылығын айқын білдіре алады. Бұл өз кезегінде демократияның көрсеткіші деп білемін. Адамдар осы арқылы өз көзқарасын ашық көрсетеді. Сайлау қорытындысы бойынша «бәріне қарсымын» жолағын белгілеген адамдар саны сарапшылар мен әлеуметтанушылар үшін қызық болады деп санаймын. Өйткені осының барлығы сайлауалды бағдарламасының қаншалықты тиімді болғанын көрсетеді», - деді Ризван Наджаф оғлы Гусейнов елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.
Өз кезегінде саясаттанушы, Кавказ халықаралық университетінің профессоры (Грузия) Вахтанг Маисая дауыс беруге келіп жатқан сайлаушылар қарқыны жақсы екенін құптады.
«Таңертеңнен бері 11 сайлау учаскесінде болдым. Атап айтқанда, елеулі кемшіліктер байқалмады», - деді В. Маисая.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.
Пікірлер (0)