Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметінен кетеді

Жаңалықтар
view 111
news

Фото: dzen.ru

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жаңадан Бас хатшысын тағайындайды. Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттік мерзімі аяқталады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қырғызстан Президенті Иманғали Тасмағамбетовті орденмен марапаттады

Иманғали Тасмағамбетовтің өміріне қауіп төніп тұр ма?

Иманғали Тасмағамбетов Украина «дұшпандарының» тізіміне енді

Еуропа әскері Украинаға кірсе, ҰҚШҰ не істейді? Тасмағамбетов жауап берді

27 қарашада Бішкек қаласында Қырғызстан тарапының төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК), Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің (ҚКХК), сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) бірлескен отырысы өтеді.

ҰҚШҰ ҰҚК сессиясында, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ортақ көзқарастары көрсетілетін декларацияны қабылдау және 2026–2029 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына кандидатураны қарастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2026 жылы Ресей Федерациясының ұйымға төрағалығының басымдықтары жарияланады деп күтілуде, – делінген ұйым сайтында жарияланған хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *