Иран АҚШ соққысын растады

Жаңалықтар
view 416
news

Фото: turaninform.kz

Таяу Шығыстағы ахуал тағы да шиеленісіп отыр. АҚШ қарулы күштері Иранның стратегиялық маңызы бар Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы бірқатар нысандарға шабуыл жасаған. Бұл туралы халықаралық және аймақтық ақпарат көздері растады,  деп хабарлады janabastau.kz. 

Исфахан провинциясының ресми өкілдері Натанз бен Исфахан қалаларының маңында ядролық инфрақұрылымға жақын аумақта жарылыстар орын алғанын растады. Бұл аймақтар Иранның ядролық бағдарламасы үшін аса маңызды саналатын кешендер шоғырланған өңірлер.

Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, Фордо ядролық нысаны жер астында — 90 метр тереңдікте орналасқан және мұндай тереңдіктегі кешенге бағытталған АҚШ авиациясының соққысы нысананы дәл тигізе алмаған. Жер асты инфрақұрылым бомбаға төзімді болып шықты.

Фордо – Иранның ядролық зерттеу және уран байыту саласындағы басты объектілерінің бірі. Қауіпке қарамастан, нысан техникалық тұрғыдан жұмысын жалғастырып жатқан көрінеді.

Аймақтағы жағдай ушыға түскен сайын, халықаралық қауымдастық алаңдаушылық білдіруде. Бұл әрекеттер Иранның ядролық бағдарламасына байланысты шиеленісті жаңа деңгейге көтеріп, жаһандық тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *